ҚР ЦДИАӨМ-нің 2019 жылғы 3 маусымдағы №111/НҚ бұйрығына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік сынақтарының барлық бес түрі бойынша аудиттен өту үшін инфрақұрылымды дайындаймыз және клиенттерді сүйемелдейміз. Хаттамаларды алу үшін реттеуші аккредиттеген тәуелсіз жеке сынақ зертханасы тартылады. Қызмет мемлекеттік ақпараттық ресурстармен жұмыс істейтін компанияларға арналған. Құны тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына байланысты.
Клиентті сынақтардың барлық бес түрінен өту барысында сүйемелдейміз:
Аккредиттелген жеке зертхананы тартамыз,
Клиентке кеңес береміз және аудиторлармен сұхбаттарға қатысамыз,
Өз жауапкершілігіміздегі аудиторлар ұсынымдарын орындаймыз.
Сынақтардан өту нәтижесі
Аккредиттелген зертхана берген қосымшалары мен есептері бар 5 хаттама аласыз:
Бастапқы кодтарды талдау*,
АҚ функцияларын сынау,
Жүктемелік сынақ,
Желілік инфрақұрылымды тексеру,
АҚ қамтамасыз ету процестерін тексеру.
*нәтиже тапсырыс беруші тарапындағы әзірлеушілердің жұмысына байланысты.
АҚ сынақтарына кешенді дайындау және сүйемелдеу кімдерге арналған?
Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауды жоспарлап отырған компанияларға
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне
Артықшылықтары
Дайын инфрақұрылым
Бұлттық платформамыз бен дата-орталық қызметтеріміз реттеушілердің талаптарына сәйкес келеді және клиенттік инфрақұрылымды орналастыруға дайын. Көшіру — тегін.
Білікті команда
IT-инфрақұрылымды өрістету және сүйемелдеу саласында 20 жылдық тәжірибеміз бар. Командамыздың құзыреттері халықаралық стандарттар бойынша тұрақты сертификаттаумен расталған.
Лицензияланған АҚЖО
SOC/АҚЖО қызметі аясында ақпараттық қауіпсіздікті бақылау бойынша қойылатын барлық талаптарды қосымша ақыға орындай аламыз.
АҚ сынақтарына кешенді дайындау және сүйемелдеу қызметі сізді қызықтырды ма?
Сұрақтарыңыз қалса, біздің мамандарымызбен
байланысыңыз.
Инфрақұрылымды басқаруды DevOps инженерлері командасына беру. Команда RHCA, RHCE және CKA стандарттары бойынша сертификатталған, ал компания K8s қызметтерінің сертификатталған провайдері болып табылады (KCSP).