PS Cloud Services
Біз, PS Cloud Services, — Алматы, Астана және Ташкенттегі 7 дата-орталықтың базасында қызмет көрсететін тәуелсіз қазақстандық бұлттық провайдерміз. Жергілікті нарықтағы 20 жылдық жұмыс барысында Қазнеттің елеулі бөлігінің серіктесіне айналдық. ISO/IEC 27001:2022, ҚР СТ ISO/IEC 27001-2023, PCI DSS 4.0.1 және KCSP халықаралық стандарттарына сәйкес келеміз.
Өзіміздің PS Cloud бұлттық платформамыздың базасында сервистерді, ақпараттық қауіпсіздікті бақылау қызметтерін (SOC/АҚЖО), веб-хостингтің барлық түрін және бағдарламалық жасақтама лицензияларын ұсынамыз. .KZ аймағындағы ең ірі домен тіркеушісіміз және Орталық Азиядағы ICANN аккредиттеген алғашқы тіркеушіміз. Техникалық қолдауды Қазақстандағы ең білікті IT-командалардың бірі қамтамасыз етеді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін барлық сервистерімізді басқаруға арналған бірыңғай консольді дамытып жатырмыз. Оның түсінікті интерфейсі IT-инфрақұрылымды жүйелік әкімшілендіру дағдыларынсыз басқаруға мүмкіндік береді.