Құжаттар / ICANN аккредитациясы

ICANN аккредитациясы

ICANN — әлемдік домендік атаулар жүйесінің (DNS) жұмысын үйлестіруге жауапты халықаралық коммерциялық емес ұйым.

ICANN аккредитациясы біз және клиенттеріміз үшін нені білдіреді?

Ең бастысы — біз халықаралық домендерді клиент пен сыртқы аккредиттелген тіркеуші арасындағы делдал ретінде әрекет етпей және өзге реселлерлердің қызметіне жүгінбей, тікелей тіркей аламыз. Бұл домендік атауларды тіркеу және басқару кезіндегі процестер тізбегін барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

Ал тізбектен үшінші тарап қатысушыларын алып тастау, өз кезегінде, клиенттердің дербес деректерінің қорғалу деңгейін арттырып, олардың таралып кету қаупін болдырмайды.

Әсіресе мынаны атап өткен жөн: аккредиттелген тіркеуші қызметін толық тоқтатқан жағдайда да домен иелеріне олардың сақталуы үшін алаңдаудың қажеті жоқ. ICANN регламенттері мен рәсімдерінің жиынтығы осындай стандарттан тыс жағдайларда да домендік атауды басқару құқықтарын сақтауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тағы бір маңызды жайт: Қазақстанға ешқандай халықаралық санкциялар қолданылмағандықтан, біз халықаралық транзакциялардың барлық түрін еркін өңдей аламыз.

Бізді аккредиттелген тіркеушілер тізімінен осы сілтеме арқылы таба аласыз.