Домендерді PS Cloud Services-ке жылдам трансферлеу. Біз — Қазақстандағы ең ірі домен атауларының тіркеушісі және Орталық Азиядағы ICANN аккредиттеген алғашқы тіркеушіміз. Домендерді бір терезеде басқаруды, тұрақты DNS сервисі мен DNSSEC-ті және тәулік бойы қолдау қызметін ұсынамыз.
Доменді бізге трансферлеуді қалай бастауға болады?
1
Домен мәртебесін тексеріңіз
Домен белсенді болуы керек, ал оны тіркеу мерзімінің аяқталуына
10 күннен астам уақыт қалуы қажет. Доменіңіз халықаралық аймақта (.com, .org, .net және басқа)
тіркелген болса, шектеулерге назар аударыңыз.
2
Трансферге қойылған шектеулерді тексеріңіз
Ағымдағы тіркеушіге хабарласып, доменіңізден «clientTransferProhibited» мәртебесін
алып тастауды сұраңыз. Содан кейін ағымдағы тіркеушіден трансферге арналған құпиясөзді алыңыз.
3
PS Cloud Services-те трансферді бастаңыз
Басқару консолінде авторизациядан өтіп, алынған құпиясөздің
көмегімен трансферді бастаңыз. Доменіңіз халықаралық аймақта тіркелген болса,
ұсынылған шотты төлеңіз.
4
Процесті аяқтау
Домен трансфері 5–7 күнге созылады. Ағымдағы тіркеушіден
трансферді растауды сұрап, процесті жеделдетуге болады. Халықаралық домендер үшін
электрондық пошта арқылы растау қажет болуы мүмкін.
Доменді неге бізге трансферлеу керек?
Біз — Қазақстандағы ең ірі домен
атауларының тіркеушісіміз
Қазнеттегі белсенді домендердің жартысын біз тіркегенбіз. Бірегей сараптамамыз бен жергілікті нарықтағы жиырма жылдық тәжірибеміз кез келген мәселеңізді шешуге мүмкіндік береді.
Орталық Азиядағы ICANN аккредиттеген алғашқы тіркеуші
Халықаралық домендерді реселлерлерсіз тікелей тіркей аламыз. Делдалдар аз болған сайын дербес деректердің таралу қаупі төмендейді және кейбір жағдайларда соңғы сатып алушы үшін доменнің құны арзандайды.
Домендерді
бір терезеде басқару
Сатып алу, ұзарту, алдын ала тапсырыс беру, иесі туралы деректерді тегін өзгерту және жасыру, DNS баптау және басқа да мүмкіндіктер ыңғайлы әрі толық автоматтандырылған басқару панелінде қолжетімді.
Тұрақты DNS сервисі
және DNSSEC
DNS сервисіміздің архитектурасы ақаулар мен DDoS шабуылдарына төзімді. Біз қазақстандық тіркеушілер арасында клиенттерді жалған DNS деректерінен қорғайтын DNSSEC технологиясын бірінші болып енгіздік.
Тәулік бойы
техникалық қолдау
DNS пен поштаны баптауға көмектесеміз, заңдық және техникалық мәселелер, соның ішінде тіркеу деректерін енгізу және өзгерту бойынша кеңес береміз, қауіпсіздіктің оңтайлы баптауларын ұсынамыз.