дата-орталықтары
Желі байланысын және желінің істен шығуға орнықты жұмысын жақсарту үшін біз Алматының барлық ірі телеком-провайдерлеріне қосылдық. Біз - бейтарап алаңбыз, сондықтан клиенттер оператораралық буындарды еркін ұйымдастыра алады.
Алматыдағы дата-орталықтар желісі Transtelecom, TNS-Plus, Vista Technology және ИТАН kazgov-IX телеком-операторларына тікелей қосылған. Kazakhtelecom, Alma-TV, Jusan, Оbit, Smartnet, Intelsoft (10G), STS, NLS Kazakhstan-ға пирингтік қосылымдар бар. Телеком-провайдерлерге қосылу оператор класындағы резервтелген шекаралық маршрутизаторлар арқылы жүзеге асырылады. Әрбір дата-орталығының желісінің өзегі стекинг технологиясымен біріктірілген жұп қосқыштарға негізделген.
Алматы дата-орталықтар желісі өткізу қабілеті 100 Гбит/с оптикалық сақинамен біріктірілген. Осылайша, біз интернетке де, Қазнетке де ақауларға төзімді қолжетімділікті жасадық.
Біз ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Біздің компания аудиттен өтіп, ҚР СТ ISO/IEC 27001-2023, ISO/IEC 27001:2013 және PCI DSS 4.0.1 АҚ стандарттарының талаптарына сәйкестігін растады. ISO/IEC 27001 стандартында АҚ басқару саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер сипатталған. PCI DSS стандарты төлем карталары деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін сипаттайды.
Біз дата-орталықтарының физикалық қауіпсіздігі бойынша PCI DSS талаптарын мұқият орындаймыз. Дата-орталықтар орналасқан ғимараттар тәулік бойы күзетіледі, ТЖ болған жағдайда жеке күзет кәсіпорындарының қызметкерлері мен полиция тартылады. Дата-орталықтарының ішіне кіру қатаң реттеледі: қызметкерлер мен келушілер міндетті авторизациядан және сәйкестендіруден өтеді.
Бөлменің кіреберісінде екі факторлы аутентификациясы бар кіруді басқару жүйесі орналасқан – Биометрия және кілт картасы бойынша. Дата-орталықтарының үй-жайлары тәулік бойы бақыланады, оның ішінде PS Security Operation Center командалары да бар.