Жаңалықтар / 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Colocation тарифтерінің өзгеруі

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Colocation тарифтерінің өзгеруі

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап біз Colocation қызметінің — серверлік жабдықты дата-орталықтарымызда орналастыру қызметінің құнын өзгертеміз.

Жаңа тарифтер:

  • Жабдықты орналастыру (1 Unit): 33 150 тг орнына 39 800 тг.
  • Қосымша Unit: 18 650 тг орнына 29 000 тг.
  • Қосымша қуат (әрбір толық немесе толық емес 100 Вт үшін): 2 590 тг орнына 3 500 тг.

Жаңа бағалар 2026 жылғы 1 желтоқсаннан ерте емес басталатын келесі есептік кезеңнің басынан бастап қолданылады.

Өзгеріссіз қалатын шарттар:

Базалық құнға бұрынғыдай жабдықты орнату және желіге қосу, шектеусіз трафикпен 100 Мбит/с дейінгі интернет-арна, 500 Вт дейінгі электр қуатымен қамтамасыз ету және қосымша қуат көзі болған жағдайда оны қосу кіреді.

Біз сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның тәулік бойы жұмыс істеуін, PCI DSS 4.0.1 ақпараттық қауіпсіздік стандартының талаптарына және ҚР ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуді жалғастырамыз.

1 желтоқсанға дейін келесі кезең үшін алдын ала төлем жасап, жабдықты орналастыру қызметін бұрынғы тарифтер бойынша ұзарта аласыз.

PS Cloud Services командасы

2026 жылғы 30 қазан

Следите за нами в соцсетях
и узнавайте новости быстрее всех
P.S. В Телеге — веселее всего.