DevOps инженері / SRE
Вакансия туралы
PS Cloud Services компаниясының production-инфрақұрылымын дамыту және сүйемелдеу үшін
DevOps-инженер іздейміз.
Негізгі дағдылар
GNU/LinuxKubernetesCI/CDGitOpsArgo CDHarborZabbixPrometheusGrafanaELKLokiVictoriaMetricsCephTerraformAnsible
Міндеттер
- Production-жүйелердің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Әзірлеу командасымен бірлесіп техникалық мәселелерді шешу;
- CI/CD баптау және оңтайландыру: pipelines құру, сервистерді deploy жасау, орта
айнымалыларын басқару;
- KVM/QEMU виртуализация инфрақұрылымын сүйемелдеу: виртуалды машиналарды құру, жаңарту
және көшіру;
- Манифесттерді, автоматтандыруларды және типтік шешімдерді әзірлеп, кейін production
ортасына енгізу.
Нені білу маңызды
- GNU/Linux жүйесін сенімді әкімшілендіру;
- Kubernetes-пен практикалық жұмыс тәжірибесі;
- CI/CD және GitOps процестерін құру тәжірибесі: Argo CD, Harbor;
- Мониторинг және лог жүргізу жүйелерімен жұмыс тәжірибесі: Zabbix, Prometheus, Grafana,
ELK, Loki немесе VictoriaMetrics;
- Ceph-пен практикалық жұмыс тәжірибесі;
- MySQL/MariaDB, PostgreSQL, MongoDB немесе Redis сүйемелдеу;
- Infrastructure as Code білу: Terraform, Ansible;
Артықшылық болады
- OpenStack-пен жұмыс тәжірибесі;
- Nginx және HAProxy білу;
- Ақпараттық қауіпсіздік пен қолжетімділікті басқару қағидаттарын түсіну;
- Bash және/немесе Python көмегімен автоматтандыру;
- Кәсіби сертификаттардың болуы;
- Дербестік, жауапкершілік және командада жұмыс істей білу;
Біз ұсынамыз
- Жайлы әрі жабдықталған кеңсе;
- Қызықты инфрақұрылымдық міндеттер;
- Red Hat және Linux Foundation емтихандарын компания есебінен төлеу;
- Linux, желілер, виртуализация және серверлік жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- Команда ішінде кәсіби дамуға қолдау көрсету;
Жұмыс форматы
- Орналасқан жері: Қазақстан, Алматы
- Формат: кеңседе жұмыс істеу, сынақ мерзімінен кейін "гибрид" форматы мүмкін
- Жалақы: 1 000 000 ₸ дейін
- Лауазымдағы жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Байланыс
Түйіндемені Telegram арқылы жіберуге болады:
@dimraf,
@vkechin