PS.kz — ICANN Орталық Азиядағы аккредиттеген тұңғыш домен тіркеушісі

Қуанышты жаңалығымыздың Қазақстандағы домендік атаулар нарығына оң ықпалы қандай болатынын айтамыз.

ICANN аккредиттеуі біз және біздің клиенттеріміз үшін нені білдіреді?

Ең бастысы — енді біз халықаралық домендерді тікелей тіркей аламыз, яғни бұрынғыдай клиент пен аккредиттелген сырт тіркеуші арасындағы дәнекер емеспіз және басқа да реселлер қызметіне жүгінуіміздің қажеті жоқ. Осының арқасында домендік атауларды тіркеу мен реттеу процесі барынша жедел болмақ.

Бұл тізбекте болған артық делдалдарды қысқарту өз кезегінде клиенттеріміздің жеке деректерін қорғау деңгейін арттырып, оның қолды боп кету қаупінен арылтады.

Тіпті аккредиттелген тіркеушінің жұмысы тоқтаған күннің өзінде домен иелері жеке деректері үшін алаңдамауына болатынын атап өткіміз келеді. ICANN регламенттері мен процедуралар жинағы домендік атауды реттеу құқығын осындай ерекше жағдайда да сақтап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Одан бөлек маңызды жайт — Қазақстан ешқандай халықаралық санкциямен шектелмегендіктен, компаниямыз халықаралық транзакциялардың кез келген түрін өңдей алады.

Осы ретте жаңа процедураға өту процесі лезде жасалатын шара еместігін айта кетуіміз керек. Қазір біз халықаралық домендік зоналардың реестрлерімен тікелей жаңа келісімшарттар жасап жатырмыз, ол бірталай уақыт алуы мүмкін. Дегенмен біз бұл шараларды тезірек ресімдеу үшін барымызды саламыз.

ICANN Аккредиттеген Тіркеуші статусын алуымыз — біздің компания ретіндегі көпжылдық тұрақты, ашық, жүйелі әрі сенімді жұмысымыздың, сонымен қатар асқан білікті қызметкерлеріміздің жоғары деңгейінің дәлелі.

Мұндай статусқа ие болу – компаниямыздың тарихындағы елеулі, клиенттеріміздің барлығымен бөлісуге лайық жетістік.

Әрдайым жанымыздан табылғаныңыз үшін рахмет!

Дата публикации: 24 августа 2022
Следите за нами в соцсетях
и узнавайте новости быстрее всех
Лого Telegram Telegram Лого Instagram Instagram Лого Facebook Facebook Лого ВКонтакте ВКонтакте Лого Twitter Twitter
P.S. В Телеге — веселее всего.