Жаңалықтар / .RU, .РФ және .SU домендерінің әкімшілеріне қойылатын жаңа талаптар

.RU, .РФ және .SU домендерінің әкімшілеріне қойылатын жаңа талаптар

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап .RU, .РФ және .SU домендерінің әкімшілеріне қатысты РФ № 569-ФЗ Федералдық заңыныңжаңа талаптары күшіне енеді.

Мұндай домендерді басқару үшін Госуслуги (ЕСИА) арқылы сәйкестендіруден өту қажет болады. Бұл талаптар барлық тұлғаларға: жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты.

Төменде біз .RU, .РФ және .SU домендерін тіркейтін серіктесіміз REG.RU компаниясының ресми ұсынымдарына сілтеме жасаймыз. Ұсынылған ақпарат толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Домен әкімшілеріне арналған нұсқаулықтар:

Ресейлік тіркеушілер бейрезиденттерге балама ретінде «Сенімді әкімші»қызметін ұсынады және доменді ресми түрде өз атына тіркейді. Серіктесіміз REG.RU компаниясының мәліметі бойынша, мұндай қызмет арқылы доменді иелену құны жылына 10 700 рубльден басталады.

«Сенімді әкімші»қызметінің шарттарын мұқият зерделеуді ұсынамыз. Егер бұл шешім сізге қолайлы болса, мүмкіндігінше тезірек біздің мамандарға хабарласыңыз: info@ps.kz.

Егер бұл шешім сізге қолайлы болмаса:

  • Кез келген жағдайда домендеріңіздің тіркеу деректерінің өзектілігін тексеріңіз. Егер деректер ескірген болса, мүмкіндігінше тезірек біздің мамандарға хабарласыңыз. Тіркеу деректерін өзгерту ұзақ уақыт алуы мүмкін. Нақты мерзім серіктес-тіркеушінің регламенттеріне, өтінімдерді өңдеу мерзімдеріне және ықтимал қосымша сұрауларына байланысты.
  • Егер сіз РФ бейрезиденті болсаңыз және Ресейде өкіліңіз, қызметкеріңіз немесе ұйымыңыз болса, доменді әкімшілендірудің ықтимал нұсқалары бойынша заңгерлерден өз бетінше кеңес алуды ұсынамыз.
  • Егер домендік аймақты таңдау жобаңыз үшін міндетті талап болмаса, әкімшілендіру талаптары жеңілірек балама домендік аймақтардықарастыруды ұсынамыз.

Біз алдағы өзгерістерді ТМД елдеріндегі ірі тіркеушілермен талқыладық. Қазіргі уақытта сәйкестендіру талабы Ресей заңнамасында бекітілген, алайда оны іс жүзінде қолдану тәртібі әлі толық айқындалмаған.

Қосымша түсіндірмелер алынғанға дейін .RU, .РФ және .SU аймақтарында жаңа домендерді тіркеуді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық.

Біз жағдайдың дамуын бақылап, пайдалы ақпарат пайда болған жағдайда қосымша хабарлаймыз.

Құрметпен, PS Cloud Services

2026 жылғы 22 маусым

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз
және жаңалықтардан бірінші болып хабардар болыңыз