Бұлттық серверлер (IaaS) — Қазақстан мен Өзбекстанда орналастырылған PS Cloud платформасындағы есептеу ресурстары. Төлем ай сайын немесе PAYG моделі бойынша жүргізіледі. Сервистер PCI DSS 4.0.1 ақпараттық қауіпсіздік стандартына сәйкес келеді. Миграцияға тегін көмектесеміз. Платформа құрамына DBaaS, K8saaS және басқа да сервистер кіреді.
Бұлттық серверлердің мүмкіндіктері мен артықшылықтары
Икемді конфигурациялар
Intel және AMD процессорлары негізіндегі бұлттық серверлердің vCPU саны мен жедел жады көлемін баптаңыз. HDD, SSD немесе NVMe дискілерін және операциялық жүйені таңдаңыз, желілерді қосыңыз, қол жеткізу саясаттары мен резервтік көшіру кестесін реттеңіз. IPv6 мекенжайлары сұрау бойынша тегін беріледі.
Масштабтау және төлем
Серверлерді бірнеше минутта құрыңыз, жүктемеге қарай конфигурацияларын өзгертіңіз және қажетсіз ресурстарды өшіріңіз. Жабдық сатып алуға күрделі шығын жұмсамай, сағат сайын немесе ай сайын төлеңіз.
Үш орналастыру өңірі
Бұлттық серверлерді Алматыда, Астанада және Ташкентте орналастырыңыз. Қажет болса, жоба компоненттерін өңірлер арасында бөліп орналастырыңыз. Резервтеу мен репликация жобаның архитектурасына байланысты және бөлек бапталады.
Қауіпсіздік
PS Cloud сервистері төлем карталарының деректерін қорғауға арналған халықаралық PCI DSS 4.0.1 стандарты бойынша сертификатталған.
24/7 техникалық қолдау
SLA бойынша қызметтің жылдық қолжетімділігі жоспарлы жұмыстарды есептемегенде 99,8% құрайды. Платформаны Red Hat (RHCA, RHCE, RHCSA) және Kubernetes (CKA, CKS) сертификаттары бар инженерлер сүйемелдейді. Сонымен қатар әкімшілендіру мен DevOps жұмыстарын техникалық қолдау командамызға тапсыра аласыз.
Басқару және автоматтандыру
Бұлттық серверлерді, дискілерді және желілерді PS Cloud GUI арқылы басқарыңыз; виртуалды машиналарға қол жеткізу үшін VNC пайдаланыңыз. Басқаруды OpenStack REST API және CLI, Go мен Python-ға арналған SDK, Terraform және Ansible арқылы автоматтандырыңыз.
Қолданыстағы инфрақұрылымды PS Cloud платформасына көшіруге көмектесеміз. Көшіру тегін. Қажет
болса, көшіргеннен кейін әкімшілендіру мен DevOps жұмыстарын да өз
мойнымызға аламыз.