2026 жылғы 1 маусымнан бастап «1С-ке арналған бұлттық бухгалтерия»және «1С-ке арналған дайын бұлттық серверлер»қызметтерінің құны өзгереді.
Бағаның өзгеруіне Қазақстан Республикасындағы «1С» бағдарламалық өнімдерінің құқық иеленушісінің шешімі себеп болды. Құқық иеленуші 2021 жылдан бері қолданылып келген 2 және одан да көп 1С лицензиясын жалға алуға арналған жеңілдікті ең төменгі бағаларды алып тастайды.
Енді әрбір лицензияның құны тұрақты болады және жалға алынатын лицензиялар санына тәуелді болмайды.
Толық ақпарат пен бағалар осы құжаттакөрсетілген.
Сұрақтарыңыз болса, info@ps.kz мекенжайына жазыңыз. Біздің команда сізге оңтайлы шешімді таңдауға көмектеседі.
Құрметпен, PS Cloud Services
2026 жылғы 14 мамыр